Нұр-Сұлтан 22.9°
×
23.06.2022, 13:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Әлихан Смайылов полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан полициясын 30 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Әлихан Смайылов полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

Отандық полицияның қалыптасуы тәуелсіз Қазақстанның даму тарихымен тығыз байланысты. Елімізде соңғы 30 жыл ішінде азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғайтын, қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз етіп келе жатқан қуатты құрылым қалыптасты.

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жанкешті және қажырлы еңбегінің арқасында қылмыстық құқық бұзушылықтардың, оның ішінде ауыр қылмыстар жыл сайын азайып келеді.

Күн сайын ішкі істер органдарының қызметкерлері қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек қолын созып, қылмыстарды ашу және қоғамдық тәртіпті сақтау арқылы жоғары моральдық қасиеттер мен нағыз батырлықтың үлгісін көрсетуде.

Бүгінде ІІМ жүйесіндегі барлық процестерде бюрократияны жою, цифрландыру және оңтайландыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл шаралар ашықтықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге және қылмыстың барлық түрлерінің алдын алу бойынша тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі мерекеде полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, отбастарына амандық және кәсіби табыс тілеймін!

Халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолындағы қызметтік міндеттеріңізді абыроймен атқаруға тілектеспін! – деді Премьер-министр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері