Нұр-Сұлтан 22.9°
×
23.06.2022, 13:03
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Астаналық тұрғын полицейлерге алғысын білдірді

Елорда тұрғыны полицейлерге жедел көмек көрсеткені үшін алғысын білдірді, деп хабарлады Elorda.info

Астаналық тұрғын полицейлерге алғысын білдірді

Қала тұрғыны жоғалған телефонын табуға жедел көмек көрсеткен полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Концертке келген әйел абайсызда «Samsung S-21» маркалы ұялы телефонын түсіріп алған. Жоғалғанын байқаған ол сол кезде ғимаратта қоғамдық тәртіпті қорғап жүрген полицияға хабарлаған. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің полицейлері Архат Атаманов пен Асылбек Сапарғали әйелдің өтінішіне бірден жауап берген. Санаулы минуттарда олар телефонды тауып, иесіне қайтарған.

Адамдардың шынайы қарым-қатынасы мен жауаптылығын көру өте жағымды әсер болды. Еңбектеріңізге жеміс пен табыс тілеймін! - деп жазған елорда тұрғыны алғыс хатында.      

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері