Нұр-Сұлтан 22.9°
×
23.06.2022, 10:34
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Президент мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Президент мемлекеттік қызметшілерді мерекелерімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы мемлекеттік қызметші күнін белгілеу туралы шешім қабылдады.

Сіздерге Жаңа Қазақстан құру ісінде ерекше міндет жүктеледі. Қызметтегі негізгі қағидаттарыңыз – адалдық, кәсібилік, құзыреттілік, ашықтық болуға тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру. Ел үмітін толық ақтайсыздар деп сенемін, – деп жазды Қ.Тоқаев Twitter парақшасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері