Нұр-Сұлтан 21.3°
×
23.06.2022, 10:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Журналистер одағы сыйлығының лауреаттары анықталды

28 маусым БАҚ қызметкерлері күніне орай Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаттары анықталды, деп хабарлады Elorda.info.

Журналистер одағы сыйлығының лауреаттары анықталды

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының 2022 жылғы лауреаттары атанғандар:

1. Нұрахметов Бекен, журналист-заңгер – құқықтық тақырыптағы очерктер сериясы үшін;

2. Әміренов Фархат, «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі – публицистикалық мақалалары үшін;

3. Мықтыбаев Нұрсұлтан, «Qaz week» ақпарат агенттігінің Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі – зерттеу мақалалары үшін;

4. Санатұлы Есенбек, «Атамекен Бизнес» телеарнасының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі – телесюжеттер сериясы үшін;

5. Верк Виктор, «Комсомольская правда – Казахстан» газетінің тілшісі – талдамалық мақалалары үшін;

6. Елеусізова Шолпан, «Silk road» ақпараттық агенттігінің журналисі – жедел ақпарат таратқаны үшін;

7. Энелане Николай, «Экспресс-К» газетінің шолушысы – сараптамалық мақалалар сериясы үшін;

8. Елдесов Дастан, «Қазақ үні» газеті орыс басылымының редакторы – ел имиджін көтеретін материалдары үшін.

Қазақстандағы Балалар жылына арналған арнайы марапаттар:

1. «Дружные ребята» газетінің ұжымына (бас редакторы Ақбаров Әлжан) – балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудегі көп жылғы жемісті еңбегі үшін;

2. Гельвиг-Иркегулова Ольгаға – балаларға арналған қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі өлеңдер жинақтарының циклі үшін;

3. Киселева Маргаритаға, Қазақ радиосының журналист-редакторы, «П.И.Чайковскийдің балалар альбомы» арнаулы шығарылымы үшін.

Камал Смаилов атындағы сыйлық «Қазақстан» РТРК дубляж бөліміне (бөлім бастығы Рахимова Гүлнар) – балалар мен жасөспірімдерге арналған мультфильмдер мен фильмдерді жоғары кәсіби деңгейде аударып, дубляж жасағаны үшін;

Фототілші Рақымбай Ханалы атындағы сыйлық «Қазақ газеттері» сайтының редакторы Балабекұлы Досжанға – үздік фотосуреттер сериясы үшін;

Бақытгүл Мәкімбай атындағы сыйлық «Бұқпа» тәуелсіз газетінің бас редакторы Смағұл Бақытқа (Ақмола облысы, Көкшетау қаласы) – қызметтік борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен табандылығы үшін;

Әбділда Мұқашев атындағы сыйлық Сапарова Айнұрға («Ақ Жайық» газеті, Атырау) – 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға журналистік зерттеулері үшін берілді.

«Қазақстанның құрметті журналисі» атағына ие болғандар:

Қосшығұлов Төлеген Сәниұлы (Ақмола облысы)

Сәуірбаев Сатыпалды Қабашұлы (Ақтөбе облысы)

Беккер Юрий Зельманович (Алматы қаласы)

Янлосы София Ибрагимовна (Алматы қаласы)

Әуелбек Әнуарбек Исламханұлы (Алматы қаласы)

Қыдыр Еркін Сағындықұлы (Нұр-Сұлтан қаласы)

Терлікбаев Рәтбек Садуақасұлы (Алматы облысы)

Ысқабай Әли Әпекұлы (Жетісу облысы)

Қалдыораз Қонаш Қалдыоразұлы (Атырау облысы)

Игісінов Жұмағазы Серғалиұлы (Шығыс Қазақстан облысы)

Әбіл Амангелді Әбләшұлы (Жамбыл облысы)

Рақыш Кенжехан Мұстағалиұлы (Жетісу облысы)

Ахметова Бикен Сағымбекқызы (Қарағанды облысы)

Кемал Жаңабай (Қызылорда облысы)

Әбілкәкімтегі Сапар Қапышұлы (Қостанай облысы)

Сәркенов Әбдіғалым Айтмұқанұлы (Маңғыстау облысы)

Жұбаев Иманбай (Нұр-Сұлтан қаласы)

Сағынбекова Ақмарал (Павлодар облысы)

Ермұқанов Марат Омарұлы (Солтүстік Қазақстан облысы)

Ахметов Тілеген (Абай облысы)

Суханберді Оразалыұлы (Түркістан облысы)

Асанов Төлеш Сүлейменұлы (Ұлытау облысы)

Каршалов Бекшүкір Дүйсенұлы (Шымкент қаласы).

Қазақстандағы БАҚ қызметкерлері күніне арналған байқаудың қазылар алқасының мүшелері:

1. Матаев Сейтқазы – Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы

2. Абдуллаева Айжан – «Сыр медиа» ЖШС бас директорының орынбасары (Қызылорда қаласы)

3. Азарова Надежда – Қарағанды облыстық «Индустриальная Караганда» газеті бас редакторының орынбасары

4. Әлімханова Мәдина – ҚР Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, журналистика бойынша кітаптардың авторы

5. Дияров Нұрмұханбет – Қазақстан Журналистер одағы Ақтөбе облысы филиалының жауапты хатшысы

6. Жұматов Айбек – Pavlodarnews.kz ақпарат агентігінің тілші-редакторы (Павлодар қаласы)

7. Қазығұл Шархан – Қазақстан Журналистер одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының төрағасы

8. Краснер Александр – «Новая газета-Казахстан» газетінің бас редакторы

9. Қуанышбаева Гүлсара – «Қазақстан» РТРК» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры-бас редакторы (Шымкент қаласы)

10. Рамазанова Баян – Қазақстан Журналистер одағының жауапты хатшысы

11. Сатылғанов Саятхан – Жамбыл облыстық «Жамбыл-Тараз» газеті бас редакторы (Тараз қаласы)

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері