Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 22:41
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Елде алғаш рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн өтеді

Елде алғаш рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн форматта өтеді. Бұған 18 бен 35 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтар қатыса алады, деп хабарлады Elorda.info Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Елде алғаш рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі онлайн өтеді
Фото: Ашық дереккөз

Онлайн форматтағы іс-шара маусымның 27 мен 29 күндері аралығында электронды еңбек биржасы арқылы жүргізіледі. Ол үшін алдымен enbek.kz порталында тіркеуден өту қажет.

Қазақстанның жетекші жұмыс берушілері жәрмеңке барысында онлайн өзін-өзі таныстыру өткізіп, қолда бар әлеуметтік топтамалары жайлы таныстырулар өткізеді. Қызығушылық танытқан азаматтармен бейне сұхбат жасайды, - деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департаменті директорының орынбасары Жанболат Данияров.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері