Нұр-Сұлтан 22.9°
×
23.06.2022, 08:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Шілдеде ұн қымбаттай ма

Ақпанда тоннасы 120 мың теңгеден алынған астық қоры таусалды. Ұнның тоннасы 250 мың теңгеге дейін өсуі ықтимал. Бұл туралы астық өндірушілер одағының президенті Әлихан Талғатбек мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Шілдеде ұн қымбаттай ма
фото: ашық дереккөзден

Деректерге сәйкес, биыл ақпан-маусым аралығында ұнның тоннасы 160 мың теңгеден 220 мыңға дейін өсті. Бұл бұрынғы бағадан 37,5%-ке жоғары. Ресей ұн экспортына шектеу енгізгендіктен соңғы бірнеше айда қазақстандық диірмендердің 80%-нің жұмысы тоқтатады. Елде 174 диірмен жұмыс істеді.

Одақ  президентінің айтуы бойынша баға шамамен 23%-ке өседі. Тізбектей келе бұл ұн өнімдерінің қымбаттауына әкеледі.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері