Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 17:20
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына жаңа ескерткіш орнатылуы мүмкін

Торғай ауылында Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына жаңа ескерткіш орнату мәселесі пысықталуда. Бұл туралы бүгін Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов айтты, деп хабарлады Elorda.info

Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлына жаңа ескерткіш орнатылуы мүмкін
Фото: Ашық дереккөз

Бүгінгі күні жергілікті халық, кәсіпкерлердің демеушілігімен Байтұрсын әулетінің қорымы жанынан кесене салынып, Торғай ауылында Ахмет пен Міржақып бабаларымыздың құрметіне жаңа ескерткіш орнату мәселесі пысықталуда. Бұдан бөлек мәдени, ғылыми, танымдық шаралар ұйымдастырылып жатыр. Спектакльдер қойылып, ғылыми экспедиция өз жұмысын бастады. Негізгі мерейтойлық шаралар 3-5 қыркүйек аралығына жоспарланған, - деді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері