Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 19:25
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жазғы демалыстың бірінші маусымында 1 миллионнан астам оқушы демалып жатыр

Жазғы демалыстың бірінші маусымында 1 миллионнан астам қазақстандық оқушы сауықтыру лагерьлерінде демалып жатыр. Балаларға арналған қала сыртындағы, мектеп жанындағы, киіз үй және шатыр лагерьлері жұмыс істейді, деп хабарлады Elorda.info.

Жазғы демалыстың бірінші маусымында 1 миллионнан астам оқушы демалып жатыр
Фото: ашық дереккөз

Балаларды сауықтыру мекемелерінде ең алдымен жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, яғни мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары тегін демалады. Сондай-ақ жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балаларға тегін жолдамалар беріледі. Балалардың қала сыртындағы лагерьлерде демалуын және сауықтырылуын қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.

Әр балалар лагерінің өз бағдарламасы бар, бірақ барлығының тақырыбы бірдей болады. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеу мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жазғы демалыста балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасын әзірлеп, өңірлерге жіберді. Тұжырымдамада әртүрлі апталық тақырыптар мен бағыттар бар. Балалар үшін сауықтыру, білім беру, экологиялық, шығармашылық, спорттық, көшбасшылық бағытындағы бағдарламалар әзірленді, - деді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Балалар мен ата-аналарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында биыл bala-demalys.kz балалар сауықтыру лагерлерінің интерактивті картасы, сайт және мобильді қосымша іске қосылды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері