Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 21:49
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қосымша ақша төленеді

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақша төленеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлады Elorda.info

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдеріне қосымша ақша төленеді
Фото: Ашық дереккөз

Білім беру жүйесінің барлық деңгейінде дене шынықтыру пәнінің ұстаздарына сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы тағайындалды. Яғни, бұл ретте 30 мыңнан астам дене тәрбиесінің мұғалімі қамтылды. 2022-2024 жылдары аталға мақсатта аймақтарға қосымша 21 млрд теңге бөлінеді, - деді Дәурен Абаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері