Нұр-Сұлтан 21.3°
×
22.06.2022, 13:16
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Электронды үкімет порталының дизайны өзгереді

Электронды үкімет порталының дизайны өзгереді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жеткізді, деп хабарлады Elorda.info

Электронды үкімет порталының дизайны өзгереді
Фото: Ашық дереккөз

(eGov.kz – автор) адамдарға жағымды болуы үшін оның дизайнын өзгертеміз және онда қазақ тілін дамыту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз, - деді министр.

Қазіргі таңда электронды үкімет порталының 10 млн-нан аса қолданушысы бар.

(eGov.kz-ті – автор) түсініксіз деп айтуға болмайды. Бүгінде оның 10 млн-нан аса қолданушысы бар. Бірақ оны түсінікті ету үшін күнделікті жұмыс жасап жатырмыз. Арнайы жұмыс топтары бар. Олардың құрамына сіздерді (журналистерді) қосуға болады. Менің ойымша, (eGov.kz – автор) түсініксіз болса, бүгінде 10 млн-нан аса халық оны қалай пайдаланып жүр? Олар біздің жүйемізге кіріп, цифрлық құжаттарды пайдаланады және тағы басқа қызмет түрлерін алады. Мен сізге статистиканы алып берейін, - деді Бағдат Мусин.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері