Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 12:09
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Биыл елорданың су айдындарында 3 бала қаза тапты

Биыл елорданың су айдындарында 3 бала қаза тапты. Олардың барлығы тыйым салынған жерлерде суға шомылған. Бұл туралы «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік» тақырыбында өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл елорданың су айдындарында 3 бала қаза тапты
Фото: ашық дереккөз

ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы азаматтарды рұқсат етілмеген аумақтарда суға түспеуге шақырды.

Суға түсуге рұқсат етілмеген жерлерде тиісті белгілер және ақпараттық стендтер қойылған. Одан бөлек департаменттің күш құралдарымен күн сайын патрульдік жұмыстар жүргізіледі. Жұмыс барысында  сол жерлерде халыққа қауіпсіздік ережелері таныстырылады. Сол учаскелерде суға шомылуға рұқсат етілмейтіні жөнінде барлық ақпарат беріледі. Мұндай жұмыстар жаз маусымы аяқталғанша жалғасады, - деді Р.Демеуберген.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері