Нұр-Сұлтан 22.9°
×
22.06.2022, 09:40
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Нұр-Сұлтанда 2 тәуліктен соң өрт сөндірілді

Елордадағы Талдыкөл  маңындағы өрт 2 тәуліктен соң сөндірілді. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Elorda.info Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 2 тәуліктен соң өрт сөндірілді
Фото: Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД ресми парақшасынан

20 маусым күні сағат 15-03-те «101» пультіне Есіл ауданының Қорғалжын тас жолының бойында қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен өртсөндірушілер ашық аумақта қамыс пен қураған шөп жанып жатқанын анықтаған. Елордалық өртсөндірушілер қызыл жалынмен екі тәулік бойы арпалысты, - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Өртті сөндіруге 86 қызметкер мен 14 техника және  ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Тікұшақтың көмегімен өрт ошағына 27 рет су шашылды(81 тонна). Өрт кеше сағат 18-53-те ауыздықталып, бүгін таңғы 05-55-те толық сөндірілді.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері