×
21.06.2022, 16:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жітіқарада өрттен төрт адам қаза болды

Жітіқарадағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info  Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Жітіқарада өрттен төрт адам қаза болды
Фото: Ашық дереккөз

20 маусымда сағат 01.54-те Жітіқара қаласы №12 ӨСБ байланыс пультіне Жітіқара ауданы полиция кезекші бөлімінің көмекшісінен Комсомольская көшесіндегі тұрғын үйдегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Куәгер 102 қызметіне қоңырау шалып, тұрғын үй ашық жалынмен жанып жатқанын айтты,-  деп жазылған хабарламада.

Оқиға орнына дереу жеткен 5 қызметкер мен 2 техниканың көмегімен өрт 02:26-да ауыздықталып, кейін толығымен 02:54-те сөндіріледі. 50 шаршы метр алаңға тараған тілсіз жаудың кесірінен 1959 жылы туған үй иесі, оның 1983 жылы туған ұлы, 1986 жылы туған қызы және 2020 жылғы немересі қайтыс болды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері