Нұр-Сұлтан 16.1°
×
17.06.2022, 20:30
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Ең үлкен үкіметтік емес ұйым құрылтайдағы Президент бастамаларына үн қосуға дайын – ұстаздар кәсіподағының төрағасы

Елдегі ең үлкен үкіметтік емес ұйым – қазақстандық салалық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Ұлттық құрылтайда айтылған бастамаларды толық қолдайды және еңбек адамын ұлықтау бойынша құрылтай мүшелерімен әріптестік орнатуға мүдделі. Бұл туралы кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева өзінің facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elorda.info.

Ең үлкен үкіметтік емес ұйым құрылтайдағы Президент бастамаларына үн қосуға дайын – ұстаздар кәсіподағының төрағасы
Фото: ашық дереккөз

Құрылтай құрамына Кәсіподақ қозғалысының атынан федерация төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің  кіргені қуантарлық жайт. ҚР Кәсіподақтар федерациясы құрамындағы елдегі ең үлкен үкіметтік емес ұйым —  Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Президент бастамаларын толық қолдайды. Еңбек адамының өкілі ретінде Президенттің «Жаңа Қазақстанда еңбекқор адам ең сыйлы адам болуға тиіс» деген пікіріне қатысты ұсыныстар әзірлеп, бастамаға үн қосуға дайынбыз. Алдағы уақытта құрылтай мүшелерімен аталған бастама бойынша әріптестік орнатуға мүдделіміз, - деп жазды Айгүл Мұқашева.

Айта кету керек Білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының құрамында 600 мыңға жуық мүше бар және ол 95 жылдық тарихы бар ең ірі кәсіподақ қозғалысының бірі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері