×
16.06.2022, 23:26
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Түркістан облысында қойшы шаруаның 200-ден астам малын сатып жіберген

Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны өзіне тиесілі асыл тұқымды жүздеген малды сатып жібергенін айтып, полицияға қойшысының үстінен шағым түсірді, деп хабарлады Elorda.info.

Түркістан облысында қойшы шаруаның 200-ден астам малын сатып жіберген
Фото: Sputnik.kz

Шаруа қойшысының әрқайсысы 70 000 теңге тұратын 200-ден астам малды сатып жібергенін айтқан. Күдіктінің жәбірленушіге келтірген шығынының жалпы көлемі 16 000 000 теңгеден асады.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды. Тергеу барысында күдіктінің 2021 жылдан бастап бағып жүрген малдарын, яғни бөтеннің мүлкін шетінен сата бергені анықталды. Ол өзінің несиелері мен қарыздарын өтеу үшін қылмысқа барғанын мойындады, - делінген Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Күдікті қамауға алынды, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері