Нұр-Сұлтан 15.9°
×
15.06.2022, 13:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сауалнама нәтижесі: Ел халқының 69 пайызы қоғамдық кеңес туралы білмейді

2021 жылы елімізде қоғамдық кеңестердің қызметі бағалау мақсатында сауалнамаға 1 200 қазақстандық қатысты, деп хабарлады Elorda.info Finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Сауалнама нәтижесі: Ел халқының 69 пайызы қоғамдық кеңес туралы білмейді

Қазақстанда барлық деңгейдегі билік қызметін бақылауға арналған қоғамдық кеңестер халықты мемлекеттік басқару жүйесіне тікелей қатыстыру бойынша жұмыс атқару тиіс еді. 

Бірақ жоспарланған сауалнама нәтижесі басқаша болды.Тек үш аймақта халық қоғамдық кеңестердің қызметі туралы біледі. Қарағанды облысында жағдай бәрінен де нашар – сұралғандардың 82 пайызы қоғамдық кеңес туралы ештеңе білмейді. Атырау және Қостанай облыстарында респонденттердің 80 пайызы «ештеңе білмеймін» деп жауап берді.

Нұр-Сұлтан және Алматы қаласының тұрғындарының жартысынан азы қоғамдық кеңестер туралы біледі.

2021 жылғы қыркүйекте республикада 249 кеңес жұмыс істеді. Мұндай ұйымдар Қазақстанда 2016 жылдан бастап жұмыс істейді, бірақ олардың немен айналысатынын ел білмейді.

Егер әкімдіктер халықты мемлекеттік басқару жүйесіне тарту тәсілін өзгертпесе, Президенттің жақында жариялаған жоба, бағдарламалары тиімсіз болады, - дейді сарапшылар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері