Нұр-Сұлтан 9.9°
×
14.06.2022, 16:59
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Ер азаматтың назарын қалайды»: Психолог бөтен адамдардың көлігіне отырып алатын қыз туралы айтты

Елордада бөтен адамның көлігіне отырып алатын қызға қатысты психолог пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

«Ер азаматтың назарын қалайды»: Психолог бөтен адамдардың көлігіне отырып алатын қыз туралы айтты
Фото: видеодан скриншот

Алтыншаш Матаеваның пікірінше, бір айдан бері бөтен көліктерге мініп жүрген елордалық 33 жастағы келіншек ер азаматтың назарын аудару үшін осындай әрекетке баруы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Елордада бөтен адамның көлігіне отырып алатын қыз пайда болды (ВИДЕО)

Бұған бірнеше себеп болуы мүмкін. Біріншіден, ер азаматтың назарын қалайды. Екіншіден, адамдардың реакциясын тексеру үшін баруы мүмкін. Үшіншіден, жалпы адамдармен сөйлескісі келеді. Менің ойымша, келіншекте ауытқу бар. Ал психиатрдың көмегі керек не психолог көмек беру не бере алмауын білу үшін ең әуелі сөйлесу қажет. Өздеріңіз байқағандай, көзге үлкен көзілдірік киген, яғни бет-жүзін көрсеткісі келмейді. Және асықпай күтіп, машинаға отырады екен... Бұл есі дұрыс екендігін көрсетеді. Ал әрекеттің себебін білу үшін онымен сөйлесу керек, - дейді психолог Алтыншаш Матаева.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері