Нұр-Сұлтан 9.9°
×
08.06.2022, 14:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Волонтерлік қызмет пен қайырымдылық туралы заң жобасы мақұлданды

Бүгін мемлекеттік грант саясатын, қайырымдылық және волонтерлік қызметті жүзеге асыру салаларындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған заң жобасының екінші оқылымы мақұлданды, деп хабарлады Elorda.info.

Волонтерлік қызмет пен қайырымдылық туралы заң жобасы мақұлданды
фото: ашық дереккөзден

Inform.kz мәліметінше, бірінші оқылымда заң жобасы биылғы ақпан айында мақұлданған. Заңнамада азаматтық қоғамды тарта отырып, мемлекеттік гранттардың тиімділігіне бағалау жүргізу жөніндегі нормалар күшейтілген. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің құзыретіне Волонтерлік қызметті есепке алу тізілімін жүргізу бойынша функциялар енгізілген. Депутаттар волонтерлерді «ҚР-дағы мемлекеттік наградалар туралы» заңда көзделген тәртіппен наградалармен марапаттауды ұсынған.

Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Вера Ким Мәжілістің жалпы отырысында жобамен жұмыс істеу барысында қайырымдылық бағдарламасын әзірлеу, бекіту және орындау жөніндегі нормалар қайта қаралғанын мәлім етті. Сондай-ақ депутаттар «волонтерлік қызмет», «волонтерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган», «қайырымдылық волонтері» ұғымдарын нақтылағанын жеткізді.  

«Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медициналық көмекпен қамту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін және оларды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындау жөніндегі құзыреті белгіленді. Дербес төлеушілердің МӘМС аясында медициналық көмек алу үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті жарналарды төлеудің баламалы тетігі енгізілді. БАҚ қызметкерлерінің әлеуметтік төлемдер алуы үшін кірістерін есепке алуға қатысты және мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны құруға қатысты «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізілді», - деді В. Ким.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері