×
08.06.2022, 12:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Сарбаздарға офицерлер қысым көрсететініне сенімдімін – запастағы офицер

Қазақстан әскерінде жас сарбаздарға әлімжеттік әлі бар. Оның басты себебі - офицерлердің адамгершілігінің төмендігі. Бұл туралы запастағы офицер, Алматы құрлық әскері университетінің түлегі Эмин Джаббаров «Өзгеше» подкаст алаңында айтып берді, деп хабарлады Elorda.info halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап. 

Сарбаздарға офицерлер қысым көрсететініне сенімдімін – запастағы офицер
Фото: ашық дереккөз

Ол - әлімжеттік тек шұғыл әскери қызметін өтеп жүргендердің мәселесі ғана емес дейді.

Міндетті әскери қызметін өтеп жүргендерге офицерлер қысым көрсететініне сенімдімін. Әлімжеттік те олардың рұқсатымен болады. Біз әскердегі әлімжеттік мәселені көтерген кезде офицерлердің реакциясына тап боламыз. Олар қатаң тәртіп болуы керек дейді, «соғыс бола қалса, сарбаздар бұйрықты бұлжытпай орындауы керек, - дейді ол. 

Алайда, оның айтуынша, офицердің қолындағы билікті қолдануы - ниетіне байланысты.

Оқи отырыңыз: Әскерде тағы бір сарбаз көз жұмды

Сол билікті жеке басының мүддесі үшін қолдануынан «дедовщина» пайда болады. Ал офицердің этикасы жоғары болса, онда өзін ұстайды. Бірақ, қазіргі жағдайда офицерлердің бойында жоғары адамгершілік қасиеттерді  қалыптастыру өте қиын. Мен тіпті оны қалай қалыптастурға болатынын да білмеймін», - дейді сарапшы. 

Тағы оқыңыз: ”Ақша сұрап, тепкілейді”: Әскерге сау кеткен сарбаз психиатриялық ауруханадан бір-ақ шыққан

”Тоқылдақ” деп мазақ қылған”: Әскерде жүріп қаза тапқан сарбаздың анасы әділдік іздеп жүр

Еске салсақ, ҰҚК шекара қызметі Маңғыстауда қаза тапқан сарбаз өлімінің алдын ала себебін айтып, қол жұмсауына әскери қызмет өткеруі емес, отбасылық-тұрмыстық мәселелер әсер еткен деп хабарлады.

Әскердегі қайғылы жағдайдан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясындағы әскери қызметшілер арасында өлім-жітімнің жиілеуіне байланысты арнайы комиссия құруды тапсырды.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері