Нұр-Сұлтан 9.9°
×
08.06.2022, 11:01
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық полиция «102» мобильді қосымшасының тиімділігін еске салды

«102» мобильді қосымшасы оқиға орнынан қысқа хабарлама, сондай-ақ фото, видео жіберуге, бейне қоңыраулар жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлады Elorda.info. қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Елордалық полиция «102» мобильді қосымшасының тиімділігін еске салды
фото: ашық дереккөзден

Бұл қосымша арқылы қоңырау шалушының орналасқан жері анықталады, ал жедел басқару орталығының операторлары не болып жатқанын көре алады және дереу тиісті ден қою шараларын қабылдай алады.

«Халықты полициямен байланыстыру, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қылмысты «ізін суытпай» ашу үшін полицияға «102» мобильді қосымшасы арқылы азаматтардың хабарламаларын қабылдаудың жаңа процесі өзінің тиімділігін көрсетті. «102» мобильді қосымшасын Android телефондары үшін PlayMarket – тен және IOS телефондары үшін АppStore-дан тегін жүктеп алуға болады. Қосымшаның өзіне қосымша Telegram, Facebook және Вконтакте үшін чат-боттар әзірленді. Сондай-ақ, чат-бот ҚР ІІМ ресми сайтында виджет ретінде орналастырылған», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев.

Мобильді қосымша арқылы азамат жеке деректерге сәйкес тіркеледі және оларды қолжетімді тәсілдермен растайды (электрондық пошта, телефон нөмірі). Жүйеге келіп түскен азаматтардың электрондық өтініштері заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.

«102» мобильді қосымшасының артықшылықтарының бірі геолокация мүмкіндігі. Егер адам қылмыстың құрбаны болса және оның орналасқан жерінің нақты мекен-жайын білмесе, полиция қызметкерлері оның орналасқан жерін тез анықтап, көмекке келуге мүмкіндік алады, дейді департамент бастығы.
 

Айта кетейік, ағымдағы жылдың басынан бері азаматтардан барлығы 1608 өтініш келіп түсті, оларға полиция уақтылы жауап беріп, тиісті шаралар қабылдады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері