Нұр-Сұлтан 9.9°
×
05.06.2022, 14:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Конституция өзгермей, қоғамдық саяси жүйе де өзгермейді – Сенат депутаты

Елімізде өтіп жатқан саяси шарға жалпы жұрт белсенді қатысуда. Әсіресе, зиялы қауым өкілдері мен халық қалаулылары бұл саяси іс-шараның мән-маңызы айрықша деп санайды, деп хабарлады Elorda.info

Конституция өзгермей, қоғамдық саяси жүйе де өзгермейді – Сенат депутаты
Фото: Elorda.info

Біз, барлығымыз қоғамның мүшесіміз, сондықтан да біз елімізде өткен саяси шаралардан шет қалмаймыз. Саяси реформалардың дұрыс немесе бұрыс болуы саяси шараға тартылатын адамдардың белсенділігіне қатысты. Бүгінгі референдум да еліміздегі маңызды саяси уақиғалардың бірі, халық та дауыс беруге белсенділік танытып  жатыр. Мен бұл саяси шараға осымен екінші рет қатысып тұрмын, 1995 жылы 30 тамыздағы референдумға қатысып, дауыс бергенмін, бұл жолы да отбасыммен барып, алғашқылардың бірі болып өз таңдауымды жасадым. Ата заңға өзгеріс енгізу үшін дауысқа салып, халықтың пікірін тыңдау да демократияның бір көрінісі деп есептеймін. Әрине, қоғамда әр түрлі пікірдің, әр түрлі көзқарастардың айтылып жатқаны жасырын емес. Бұл – заңдылық. Бірақ біз Конституцияны өзгертпейінше, қоғамдық саяси жүйені өзгерте алмаймыз, - дейді Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері