Парламент Сенатының депутаты, белгілі журналист Нұртөре Жүсіп әріптестеріне әзіл айтып, күлкіге қарық қылды, деп хабарлады Elorda.info.
Депутат Сенат қабырғасында бір топ журналистің қойған сұрақтарына жауап беріп тұрғанда бір тілші «5 маусымнан кейін не болады» деп сұрайды. Осы сәтте Нұртөре Жүсіп іркілместен «5 маусымнан кейін 6 маусым болады» деп жауап береді.
Журналистер сенатордың табан астында айтқан ұтымды жауабына риза болып, күліп жібереді.