×
31.05.2022, 15:02
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Кешірмеймін!»: Лифтіде зардап шеккен әйел тергеу жұмысына күмәнмен қарайды

Шымкентте лифтіде азғынның қолынан аман қалған әйел күдіктіні кешірмейтінін айтты, деп хабарлады Elorda.info Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Кешірмеймін!»: Лифтіде зардап шеккен әйел тергеу жұмысына күмәнмен қарайды
Фото: видеодан скриншот

Үнемі қатты қорқып жүретін болдым. Қатты уайымдаймын. Ол жазалануын қалаймын, - дейді Надежда есімді жәбірленуші. 

Телеарна мәліметінше, «Құрсағымда балам барын айтсам да, тұншықтырып, әрекетін тоқтатпады» деген ол күдікті зорлық жасағысы келгеніне сенімді. Бірақ ол құзырлы орган жүргізіп жатқан тергеу жұмысына күмәнмен қарайды.

Оқи отырыңыз: Шымкентте лифтіде балалы әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Тергеушілер сараптамаға шақырамыз деген еді. Бірақ одан ешқандай хабар жоқ. Кешірім бер деп туыстары хабарласып жатыр. Бірақ мен кешіре алмаймын, ол мені зорлауға не өлтіруге оқталды. Ол тезірек тиісті жазасын алғанын көргім келеді, - деді жәбірленуші. 

Ал полицейлер күдікті тергеу изоляторында екенін айтады. 22 жастағы жігіт жақында ғана әскерден келген. Ұсталған соң ол әйелді зорлайтын ойым болған жоқ депті.

Күдікті тұлға жәбірленуші айтқан сөзбен келіспейді. Ол зорлау мақсатында емес, жәбірленушінің қолындағы ұялы телефонды тартып алмақ мақсатта осындай әрекетке барғанын айтты. Дүкеннен шығып келе жатқан жәбірленушіні көрген. Оның қолындағы телефонды көріп, ашық түрде тартып алмақ болған, - деді Шымкент қалалық ПД Қаратау аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Аянхан Омаров. 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері