×
28.05.2022, 19:24
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада 47 жастағы ер адам супермаркеттен шоколад ұрлаған

Елордадағы супермаркеттердің бірінде шоколад ұрлағаны үшін ер адам ұсталды, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Елордада 47 жастағы ер адам супермаркеттен шоколад ұрлаған
Фото: new-retail.ru

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде 47 жастағы күдіктіні қолға түсірген.

Тергеп-тексеру барысында ер адам Merci шоколадының 20 данасын ұрлағаны анықталды. Дүкенге келтірілген шығын құны 33 мың теңгені құрап отыр, – делінген хабарламада.

Ер адам дүкеннен керегін алған соң, төлем жасамай, касса арқылы өтіп, супермаркеттен сыртқа шығып кеткен. Қазіргі сәтте сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті кінәсін мойындап отыр және Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері