Elorda.info

«Тоқылдақ» деп мазақ қылған»: Әскерде жүріп қаза тапқан сарбаздың анасы әділдік іздеп жүр

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп, қаза тапқан Ұлықбек Бердішевтің анасы әділдік іздеп жүр. Айтуынша, әскери бөлімшеге барғанына небәрі 11 күн болған Ұлықбектің аяқастынан жоғалып кетуі, кейін оның өлі күйде табылуы тегін емес. Оның артында ауқымды мәселе бар, деп хабарлады Elorda.info «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Тоқылдақ» деп мазақ қылған»: Әскерде жүріп қаза тапқан сарбаздың анасы әділдік іздеп жүр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қатардағы жауынгері Бердішев шаруа жұмысы кезінде жоғалып кеткен. 19 жастағы жігіт жартаста өз белдігіне асулы күйінде 39 күннен кейін табылды. 

Ресми нұсқа бойынша, курсанттың өліміне механикалық асфиксия себеп болған. Денесіне жарақат ізі болмағаны да хабарланған. Ал Ұлықбектің анасы Орынкүл баласы өзіне-өзі қол салды дегенге сенбейді. Бұған біреулердің қатысы болуы мүмкін дейді. Себебі, алғашқыда мамандар оның денесінде жарақаттар болғанын айтқан.  

Арқасында әйдік гематомма болды дейді баламның, ішіндегі экспертиза адамның айтқаны, денесінде жарақаты бар. Сосын аяғы сынған баланың сосын военныйлар келіп еді сразу өзгеріп шыға келді. Денесінде ешқандай жарақат жоқ деп, – дейді Ұлықбектің анасы Орынкүл Мерекова.

Оқи отырыңыз: ”Ақша сұрап, тепкілейді”: Әскерге сау кеткен сарбаз психиатриялық ауруханадан бір-ақ шыққан

Орынкүл баласын «қашқын» дегенге де келіспейтінін айтады. Қашып кеткен күннің өзінде, оған бір себеп болғаны анық дейді.    

«Құлақ» дей ме, «тоқылдақ» деп мазақ қылады екен баламды. Сөйтіп, мазақ қылған. Сосын солдат балалардан сұрасам, жанындағы жақсы бала еді. Ешкімге тиіспейді, жұмсаған жеріне бара береді. Алып кел, шауып кел дегенге ешқандай бір сөз қайтармайды, жүгіріп кететін бала еді, жақсы бала дейді, – дейді сарбаздың анасы.

Сондай-ақ Ұлықбек ақша сұрауды да жиілеткенін айтады. Енді азамат болды дегенде ұлынан қапыда айрылып қалған Орынкүл енді шырылдап, әділдік іздеп жүр. Бірақ оған ешкім құлақ аспай отырған көрінеді. Құзырлыларға біз де хабарластық, бірақ олар қазір тергеу жүріп жатқанын ғана айтты. Сондықтан әзір ешқандай ақпарат бере алмайтындарын жеткізді. Ал  қайғыдан қан жұтқан ана кінәлілер өз жазасын алсын дейді.  

Соңғы кезде мұндай жағдай тіпті жиілеп кетті. Бұған депутаттар да алаңдаулы.  Бақытбек Смағұлдың айтуынша, егер бұл қайталана берсе, арты жақсылыққа апармайды. Әскердегі әлімжеттікті түбірімен жою керек. Командирлер мен офицерлер  әр іске қатысты  жауап беруі тиіс дейді.

Тек қана бұрынғы ескі сарынмен емес, депутаттар болсын, азаматтық қоғамнан болсын араласу керек. Бұл - індет. Індетті емдеу - міндет. Біздің алдымызда парыз бен міндет тұр. Ол отанымыз үшін керек. Жалынды жауынгерлердің, ат жалын тартып мінген әрбір бозбаланың қорғаймын деген азаматтардың болашағына балта шаппау керек, – дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл.

Жауаптылардың берген мәліметінше, жыл сайын шамамен  30 мыңнан астам жас әскерге  шақырылады. Алайда азаматтық борышын өтеуден қашатындар да көп. Оларға арнайы  жаза көзделген. Бірақ сарапшылар әскердегі әлімжеттік - талай жастың өмірін құртады дейді, мұны тыймаса, әскерге баратындар тіпті азаятынын  айтады.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлеумет