Elorda.info

Конституцияға түзетулер жобасындағы қай өзгеріс сіз үшін маңызды (САУАЛНАМА)

Elorda.info ұйымдастырған кезекті сауалнаманың нәтижесі жарияланды. Бұл жолғы сауалнама Конституцияға түзетулер жобасындағы маңызды өзгерістер турасында болды.

Конституцияға түзетулер жобасындағы қай өзгеріс сіз үшін маңызды (САУАЛНАМА)

«Қай өзгеріс сіз үшін маңызды?» деген сауалға респонденттердің 22 пайызы «Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату» деген жауапты таңдаған.  

Ал «Пропорционалды-мажоритарлы сайлау жүйесінің енгізілуі» деген нұсқаны сауалнамаға қатысқандардың 6%-ы қолдаған.

Респонденттердің 17%-ы «Конституциялық соттың құрылуын» қалайтын болса, сауалнамаға қатысқандардың 33%-ы «Суперпрезиденттік басқарудан президенттік республика моделіне өту» нұсқасын таңдаған. «Өлім жазасын алып тастауды» респонденттердің 11%-ы қолдаса, қалған 11%-ы өз нұсқаларын жазыпты.

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әлеумет