Нұр-Сұлтан 22.9°
×
27.05.2022, 11:28
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Шыдау мүмкін емес!»: Шымкентте зейнеткер көршісінің үйін жарып жіберемін деп қорқытты (ВИДЕО)

Шымкенттік зейнеткер көршілерінің үйінің алдында газ балонын жарып жіберемін деп қорқытқан. Ер адам мұндай шарасыз қадамға үй жанындағы шағын ферманың кесірінен барған, айтуынша, бұл ферма өзінің де отбасының да өмірін улап жатыр, деп хабарлады Elorda.info 31-телеарнаның «Информбюро» жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

«Шыдау мүмкін емес!»: Шымкентте зейнеткер көршісінің үйін жарып жіберемін деп қорқытты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

69 жастағы Махмұджан Шотырев екі сағатқа жуық уақыт бойы көршілерін үрейде ұстаған. Оның қолында газ оттығы болған, сондықтан баллон кез келген уақытта жарылып кетуі мүмкін еді. 

Ер адам ұзақ жылдар бойы ауласында мал бағып келе жатқан көршілерінің үйіне де, өзіне де зиян келтіремін деп қорқытқан. 

Маған қараңыздаршы, мен нашақордан да бетер болдым. Түсінесіз бе, қолдарымның бәрі уколдан көгеріп кетті. Мен қиналып жүрмін, менде аллергиялық астма бар. Енді немерелерім де талмаға ұшырап жатыр. Қаланың қақ ортасында елу шошқаны қалай бағуға болады?! Иісінің өзі, демалуға мұрша жоқ, желдеткіш те көмектеспейді. Біз мұнымен бес жарым жыл күресіп келеміз, - дейді зейнеткер Махмұджан Шотырев.

Біраз уақыттан кейін полицейлер тұрғынның қолындағы жарылғыш баллонын залалсыздандырған. Ал зейнеткердің өзі аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді. Зейнеткерді қолдауға көршілері де шыққан. Айтуларынша, бес жылдан бері түрлі құзырлы орындарға арыз-шағымдар түсіріп келген.

Сасық иіс, демалу мүмкін емес, терезені де аша алмаймыз. Үйінде шаяндар, тарақандар, егеуқұйрықтар жүреді, бұған шыдау мүмкін емес, - дейді көршісі Любовь Алипур.

Үйін зейнеткер жарып жібермек болған ауланың иесі болса аң-таң күйде. Ол көршілерінің бұл әрекеті қызғаныштан екеніне сенімді.

Мен жұмыс істеп жүрмін ғой, қозғаламын, олар осының барлығын көреді. Білмеймін, мүмкін бұл қызғаныш болар. Барлығы үшін арнайы келісім алғанмын, әр малдың өз құқығы бар. Санитарлық эпидемиологтар бірнеше ай бұрын ауадағы аммиак мөлшерінің шамалы көбейгенін анықтағанын айтты. Ветеринарлар да айқын заң бұзушылықтарды анықтаған жоқ, - дейді ферма иесі Аниль Сагитов.

Шымкент қаласы бойынша Ветеринариялық инспекциясының бас маманы Елена Сатанованың сөзінше, шағын фермалардың жұмыс істеу ережелерінің жиынтығы әзірленбейінше, мұндай жанжалдар қайталана береді.

Біз өз құзыретіміздегі нәрсені ұстанамыз. Бұл тірі малды күтіп-баптау, олардың таза болуы, арнайы базаның жұмыс істеуі, олардың паспорты болуы. Ал мамандар қосалқы шаруашылықтарда мал ұстаудың нақты стандарттарының жоқтығы ветеринарлық инспекторлар үшін үлкен мәселе екенін айтып шағымданады, - дейді Сатанова.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері