Нұр-Сұлтан 16°
×
26.05.2022, 17:45
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Үкімет қашан реттейді?»: Сенат депутаты БАҚ қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесін көтерді

Парламент Сенатының депутаттары Үкіметтің халық табысын арттыру туралы есебін тыңдады. Жиында депутат Нұртөре Жүсіп Қазақстандағы БАҚ қызметкерлерінің айлығын көтеру мәселесін көтерді, деп хабарлады Elorda.info

«Үкімет қашан реттейді?»: Сенат депутаты БАҚ қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесін көтерді
Фото: Parlam.kz

Депутаттың айтуынша, бірқатар БАҚ-та биылғы орташа жалақы 202 мың теңге көлемінде төленеді.

Адамның қолымен жасалатын игілік бар. Адамның миымен жасалатын игілік бар. Журналистер қауымы қолымен де, миымен де осындай игілікті жасайды. Тек журналистер емес, қанша оператор, қанша видеоинженер, техник, монтаж жасаушы бар. БАҚ өкілдерінің айлығы елдегі орташа айлық көрсеткішінен де төмен. «Қазақстан», «Хабар», «Егемен Қазақстан», «Қазақ газеттері», «Қазинформды» қоса алғанда, биылғы орташа жалақы 202 мың теңге көлемінде төленеді.

БАҚ қызметкерлері шығармашылықпен айналысады. Демек, оймен, ақылмен өндіреді. Еш мәртебеміз болмаса, онда бізді өндіріс саласына жатқызып, қаржыландырыңыздар! Познердің (Владимир Познер шетелдік журналист – ред.) айлығы мен Нартайдың (Нартай Аралбайұлы Qazaqstan телеарнасында «Мәселе» бағдарламасының жүргізушісі – ред.) айлығын салыстырыңыздар, арасы жер мен көктей. Үкімет осы мәселені қашан реттейді? – деді Нұртөре Жүсіп.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері