Нұр-Сұлтан 14.5°
×
26.05.2022, 15:15
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Дәрігерлердің орташа жалақысы 531 мың теңгеге дейін өседі – Тоғжанов

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бюджет қызметкерлерінің орташа жалақысы өсетінін айтты. Атап айтқанда, ол дәрігерлерде айтарлықтай артады, деп хабарлады Elorda.info

Дәрігерлердің орташа жалақысы 531 мың теңгеге дейін өседі – Тоғжанов
Фото: ашық дереккөз

Жалпы алғанда, 1,1 миллионнан астам адамның, оның ішінде 850 мың бюджет қызметкерінің жалақысын өсіру жоспарланған.

Дәрігерлердің жалақысы келесі жылы өткен жылмен салыстырғанда 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін өседі. Медицина қызметкерлері - 173,5 мыңнан 243 мың теңгеге дейін, - деді Ералы Тоғжанов.

Білім беру қызметкерлерінің табысы да артты. Мысалы, биыл мектеп мұғалімдерінің жалақысы 292 мыңнан 332 мың теңгеге дейін өсті.

Жалақының өсуін «Қазпошта» курьерлері де күтуде — 144 мыңнан 237 мың теңгеге дейін.

Сондай-ақ Қазақстанның ірі өндірістік кәсіпорындарының 2,8 млн қызметкерінің жалақысы орта есеппен 15-30%-ға өседі.

 

Аружан Даиргелденова,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 

Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері