Нұр-Сұлтан 16°
×
26.05.2022, 11:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордалық жастар референдум өткізудің маңыздылығын атап өтті

Достық үйінде Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктерінің жастар қанаты «Референдум – маңызды демократиялық институт» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Елордалық жастар референдум өткізудің маңыздылығын атап өтті

Қатысушылар алдағы оқиғаның маңыздылығын талқылады.

Дөңгелек үстелге «Ассамблея жастары» РҚБ, Нұр-Сұлтан қаласындағы Amanat партиясы Алматы аудандық филиалының өкілдері, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері, қалалық ҚХА жастар қанатының мүшелері қатысты.

Мемлекет басшысы Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдум өткізуді ұсынды. Біздің ортақ міндетіміз – Отанымыздың болашағына, оның дамуы мен гүлдену жолына үлкен әсер ететін референдум өткізуге ықпал ету, – деп атап өтті «Ассамблея жастары» РҚБ Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілдігінің басшысы Анастасия Тимощенко.

«Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа Қазақстан идеясын жүзеге асыру тетіктері туралы қоғамдық пікірталастар үшін қолайлы алаң бола алатынын атап өтті.

Отырыс барысында қатысушылар пікір алмасып, референдумға дайындық аясында жүргізіліп жатқан жастармен түсіндіру жұмыстарының негізгі басымдықтарын талқылады және уақыт талабына сәйкес конституциялық реформалардың маңыздылығын атап өтті.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері