Нұр-Сұлтан 16°
×
26.05.2022, 08:38
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада мәдениет қызметкерлеріне конституциялық реформалар түсіндірілді

Конституциялық реформаларды халыққа кеңінен түсіндіру үшін елордалық мәдениет орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Жаңа Қазақстандағы қоғамдық-саяси белсенділік және перспективалық мүмкіндіктер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада мәдениет қызметкерлеріне конституциялық реформалар түсіндірілді

Отырысқа қатысқан Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық кеңесі төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша республикалық қоғамдық штабтың басшысы Зулфухар Гаипов, Нұр-Сұлтан қаласының бірлескен мұражайлар дирекциясы қызметкерлері еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту туралы өзара ой бөлісті.

Қазіргі болып жатқан көптеген саяси өзгерістердің барлығын Президенттің сайлауалды бағдарламасының логикалық жалғасы деп қарастыруға болады. Қаңтар оқиғасы саяси өзгерістердің қадамын жиілетті. Бүгінде, ел тірлігін түзеу үшін ел тірегі – Конституцияға өзгертулер енгізудің қажеттілігі туындап отыр. Өмірімізді өзгерткіміз келсе, алдағы референдумға бей-жай қарамаумыз керек, әр азамат өз таңдауын жасауы қажет, ол үшін сананы өзгертіп, саяси мәдениетіміздің деңгейін көтеруге тиіспіз, себебі өзгеріс өзімізден басталады, - деді Зулфухар Гаипов.

Жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, түйткілді проблемаларды талқылады.

Әр ұлттың, әр халықтың тағдыршешті кезеңдері болады. Сондай кезеңнің бірі таяу күндерде халқымыздың алдынан өтейін деп тұр. Әр азамат «Жаңа Қазақстанды» құруға байланысты алтын діңгегіміз – Ата заңымызға енетін өзгерістердің мәні мен мағынасын терең түсініп, Президент бастамаларына қолдау білдіруі керек деп ойлаймын. Өйткені Қазақстанның ертеңгі жарқын болашағы үшін, халықтың әлеуметтік жағдайы мен әл-ауқатының көтерілуі үшін, Ата заңға өркениетті елдердің тәжрибесі негізінде оң өзгерістер енгізіледі, - деді Нұр-Сұлтан қаласының бірлескен мұражайлар дирекциясы директорының орынбасары Самат Тергембаев.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері