Нұр-Сұлтан 10.1°
×
25.05.2022, 18:35
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстандық ЖСН рәсімдеу үшін шетелдіктерден «көмекшілер» 20 мың теңге сұраған

Ресей мен Украина азаматтарын қазақстандық ЖСН ресімдеуге белгілі бір сомада көмек көрсететін пайдасыз «көмекшілерден» сақ болуға шақырады, деп хабарлады Elorda.info КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық ЖСН рәсімдеу үшін шетелдіктерден «көмекшілер» 20 мың теңге сұраған
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік органдар атап өткендей, жеке сәйкестендіру нөмірін тегін алу мүмкіндігі бар. 

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ делдалдардың қызметтерін пайдаланбай, бұл қызметті eGov порталы арқылы тегін алған жөн. Шетел азаматы сайт арқылы өтініш беріп, бір күн ішінде керекті құжатын ала алады, – деп түсіндірді «Ұлттық компаниялар» АҚ басшысының орынбасары Арай Оразова.

«Көмекшілер» шетелдіктерге ЖСН беру рәсімін түсіндіруді әлеуметтік желілерде белсенді түрде ұсыныла бастағаннан кейін Ресей мен Украина азаматтарына қашықтан арнайы база арқылы тіркеуді ұсынған. Тегін емес – қызметтері үшін олар 20 мың теңге және одан жоғары қаражат сұраған. 

Жеке сәйкестендіру нөмірін алғаннан кейін резидент еместер оны Қазақстан банктерге шот ашу үшін жібереді. Бұл онлайн-қызметтің шетелдіктер арасында қаншалықты танымал болғаны және қанша адам онымен пайдаланып үлгергені де белгісіз.

 

Айдана Сулейменова, 

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Журналистика және саясаттану факультетінің 2-курс студенті

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері