Нұр-Сұлтан 16°
×
24.05.2022, 18:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Былтыр Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді

Қазақстанда коронавирус өршіген 2020 жылдан бастап бала туу көрсеткіші артқан, деп хабарлады Elorda.info.

Былтыр Қазақстанда қанша сәби дүниеге келді

Еліміздегі беби-бум 2020 жылы басталды. Сол кезде елімізде 426,8 мың бала дүниеге келген. Дегенмен 2021 жылы бұл рекорд бұзылып, дүниеге келген сәбилер саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштен – 4,6 пайызға, ал 2019 жылғы көрсеткіштен – 11 пайызға артық. 446,5 мың бала дүние есігін ашты.

Осы жылдың үш айында ғана республикада 95,6 мың баланың туу туралы куәлігі тіркелді. Демек, осыдан екі жыл бұрын басталған беби-бум жалғасып жатыр деген сөз. 2021 жылы туу коэффициенті де жаңа рекорд орнатты: 10 мың тұрғынға шаққанда 235 сәби дүниеге келген. 

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, осыдан 20 жыл бұрын 10 мың тұрғынға есептегенде туу көрсеткіші 149 сәби болатын. Мұның үстіне туудың жиынтық коэффициенті 3,32-ге жетті. Яғни, бір әйелге 3-тен көп баладан келеді. Мұндай рекорд елімізде тек соңғы 2 жылда тіркеліп отыр. Бұл коэффициент 1999 жылы небәрі 1,8 болатын. Бір қызығы, 2021 жылы 125,1 мың бала көпбалалы отбасында дүниеге келген.

Ал елімізде 4 және одан да көп баласы бар отбасы көпбалалы деп саналады. Сонымен қатар дүние есігін ашқан 95 мың сәби 10-шы не одан кейінгі бала саналады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері