Нұр-Сұлтан 16°
×
24.05.2022, 21:49
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы 40 млн теңге пара алған

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленді, деп хабарлады Elorda.info «Антикорға» сілтеме жасап.

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы 40 млн теңге пара алған
Фото: ашық дереккөз

Ол «Ж» ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды. Күдіктіге қатысты кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды,- делінген хабарламада.

 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері