Нұр-Сұлтан 10.1°
×
24.05.2022, 17:21
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасына 51 млрд теңге бөлінді

Былтыр «Бақытты отбасы» бағдарламасына республикалық бюджеттен 70 млрд теңге бөлінді. Үміткерлерден 7 мың орынға 35 мың өтініш келіп түсті. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасына 51 млрд теңге бөлінді

Оның айтуынша, бүгінде бірқатар бағдарламалар бойынша бір орынға 7, 10, 15 азамат өтініш береді. Қатысушылар байқаудың арнайы талаптарына сай болуы керек.  

Биыл «Бақытты отбасы» бағдарламасы 15 маусымға қарай басталады. Оған 51 млрд теңге бөлінді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, құрылыс істері жөніндегі комитетімен тығыз жұмыс жүргізілуде. 5 мыңға жуық отбасы қоныс тойын тойлайды деп отырмыз. Бірақ өтініштер одан артық болатын шығар, - деді басқарма төрайымы. 

Айта кетейік, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша халықтың үш санаты баспана ала алады: көпбалалы отбасыларға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасылар. Банк мөлшерлемесі – 2%, алғашқы жарна 10%.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері