Нұр-Сұлтан 10.1°
×
24.05.2022, 20:17
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Еліміздегі алғашқы АЭС қай өңірге салынатыны белгілі болды

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасы қай өңірге салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Еліміздегі алғашқы АЭС қай өңірге салынатыны белгілі болды
Фото: Ашық дереккөзден

Стансаның қуаты шамамен 2,4 ГВт болады. Оны орнату аумағына келсек, Балқаш таңдалатын шығар. Өйткені бұл аумақ баяғы кеңес заманынан бері жіті зерттелген. Дегенмен, нақты құрылыс аумағы мен технологиялары жөнінде бір тоқтамға келген жоқпыз, - деді Болат Ақшолақов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері