Нұр-Сұлтан 16°
×
23.05.2022, 14:43
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Түркістан тауларында адасқан 4 адам құтқарылды

Тауға серуендеп шыққан азаматтар Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі Құлыншақты таулы жерінен табылған, деп хабарлады Elorda.info.

Түркістан тауларында адасқан 4 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметінен

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, тауда адасып қалған азаматтар туралы ақпарат кеше сағат 22:10-да 112 байланыс пунктіне түскен. Олар күндізгі сағат 11:00 шамасында Сусіңген көлінен шығып, «Алтын дән» демалыс аймағына бағыт алғаны белгілі болды. Содан қайта оралмаған.

Іздестіру жұмыстарына төтенше жағдайлар қызметінің 17 құтқарушысы мен кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 техника және полиция департаментінің 4 қызметкері, ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылған.

Іздеу нәтижесінде жоғалғандар 23 мамыр сағат 02:32-де Құлыншақты таулы шатқалынан табылды. Өздерінің айтуынша, тұманда адасып қалған. Сағат 06:35-те іздеу тобы жоғалғандарды түсіріп, құтқарған. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді, – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері