Нұр-Сұлтан 10.1°
×
19.05.2022, 17:31
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Еңбек жолы» республикалық байқауы басталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» республикалық байқауының басталғанын мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

«Еңбек жолы» республикалық байқауы басталды

Конкурс аясында Қазақстанның үздік өндіріс қызметкерлері мен еңбек әулеттері анықталады.

Бұл конкурс өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды танымал етуге және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған.

Конкурс екі кезеңнен (өңірлік және республикалық) тұрады. Қатысушылар үш аталым бойынша анықталады: «Үздік еңбек әулеті» – еңбек өтілі ең ұзақ, марапаты ең көп әулет таңдалады; «Өндірістің үздік жас маманы» – жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмысшысы таңдалады; «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкері қатыса алады. Жеңімпаздарды арнайы республикалық комиссия анықтайды. Оларды марапаттау жыл сайынғы «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» республикалық форумы аясында өтеді.

ЕХӘҚМ байқауға еңбек әулеттерінің өкілдерін, сондай-ақ бастамашыл жас қызметкерлерді және олардың тәлімгерлерін белсенді қатысуға шақырады.

Конкурс туралы толық ақпарат алу үшін Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының еңбек инспекциясы бойынша немесе ЕХӘҚМ Еңбек қатынастары және әлеуметтік әріптестік басқармасына 8 (7172) 74-35-11 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері