Нұр-Сұлтан 9.2°
×
19.05.2022, 16:42
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елорда тұрғындары 5 маусымда болатын референдумға бара ма (САУАЛНАМА)

2022 жылғы 5 маусымда елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтеді. Барлығы 33 бапты өзгерту жоспарланып отыр. Осылайша, қазақстандықтардың Конституциялық сотқа тікелей жүгіну, депутаттарды таңдап, кері шақыртып алу мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар Парламент жұмысындағы және Президенттің өкілеттіктеріндегі өзгерістерді бекіту ұсынылады. Осыған қатысты Elorda.info журналисі елордалықтар арасында сауалнама жүргізген болатын.

Елорда тұрғындары 5 маусымда болатын референдумға бара ма (САУАЛНАМА)
Фото: azattyq-ruhy

Елорда тұрғындарының референдумға қатысты пікірлерін ұсынамыз:

Мен 5 маусым күні болатын референдумға барамын. Дауыс беруді  әр азаматтың парызы деп санаймын. Мемлекет үшін, халық үшін саяси жүйеге өзгеріс енгізуге өз үлесін қосады, - дейді Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Нұрбибі Қабдыл.

Мен міндетті түрде барамын. Әр қазақстандық баруы тиіс деп санаймын. Барлығымыз бірге дамимыз, елімізді көркейтеміз. Оның барлығы әрқайсымыздың дауысымызға байланысты болмақ, - дейді елордалық тұрғын Эльвира Шәріпқызы. 

Референдумға қатысып, өз дауысымды беру – менің құқығым. Мемлекет өмірі үшін болатын оң өзгерістерге өз үлесімді қосуға тиіспін, - дейді тағы бір қала тұрғыны Серік Жолдасбеков.

Дауыс беруді өзімнің азаматтық парызым деп санағандықтан, мен референдумға барамын, - дейді астаналық Әсет Кәрім.

Референдумға міндетті түрде барамын. Конституциямызға өзгерістер енгізуді халықпен бірге шешу өте дұрыс қадам деп санаймын, - дейді елорда тұрғыны Қайыржан Ахметқан.

Үлкен өзерістер болатынына сенгендіктен баратын шығармын, - дейді Ернар Соқабаев.

 Мен барамын. Еліміз үшін таңдау жасап, дауыс бермекпін, - дейді қала тұрғыны Дәулет Қанафин.

 Мен міндетті түрде барамын. Өйткені бұл – өте жауапты сәт. Еліміз үшін қуатты қоғам құруда маңызды шешім қабылданбақ, - дейді елордалық Әсем Хамитова.

Референдумға барамын. Президентімізді, халық үшін жасап жатқан оның жаңа бастамаларын қолдаймын. Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуы үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр, - дейді тағы бір астана тұрғыны Әсем Халықова.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері