Нұр-Сұлтан 10.1°
×
19.05.2022, 16:55
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді

2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 932 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді
Фото: ашық дереккөз

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 630 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 154 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 7 643 және 837 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 343 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 325 адам тартылды, – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 733 жұмыс беруші бар. Оларда 391 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ы.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 613 адам, Түркия – 1 838 адам, Үндістан – 1 293 адам, Өзбекстан – 1 385 адам, Ұлыбритания – 1 083 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетел мамандарын тартуға квота белгілейді және бөледі. Осы жылғы қаңтарда ірі отандық бизнес өкілдерімен кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау үшін министрлік шетел жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке дейін, яғни 4 792 адамға (16%) қысқартты.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері