Нұр-Сұлтан 17.7°
×
18.05.2022, 14:48
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Қазақстандықтар интернеттен көбіне қандай тауарларға тапсырыс береді

Биыл сәуірде Қазақстанда интернетке қолжетімділігі бар 17 млн-нан аса ұялы байланыс абоненті тіркелді, бұл былтырғыға қарағанда 5,7%-ға, ал он жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 83,1%-ға көп, деп хабарлайды Elorda.info.

Қазақстандықтар интернеттен көбіне қандай тауарларға тапсырыс береді
Фото: ашық дереккөз

Сондай-ақ елімізде 2,8 млн абонент интернетті пайдаланады, бір жылда плюс 4,9%, он жылда олардың саны 2 есе өскен. Бұл Қазақстанда интернеттің ену деңгейі дамыған елдермен салыстырғанда жоғары екенін көрсетеді, әрі электронды коммерцияны ілгерілету үшін тамаша мүмкіндік болып саналады.

Қазірдің өзінде біз барлық нарықтық формацияда онлайн режимге қарқынды өту процесін байқап отырмыз. Соңғы жылдары қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі де бірнеше есе өскен. 2022 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша бұл сома 19,1 трлн теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық.

Сонымен қатар биыл бір тоқсанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемі толық 2019 жылдың көрсеткішінен 43%, ал 2018 жылдың көрсеткішінен 28 есе артық болды.

Интернет және ұялы телефон арқылы жасалған онлайн-төлемдерге қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемінің 84,2% тең. Мұндай динамика – жалпы әлемдік тренд. Nasdaq мәліметінше, 2040 жылға қарай барлық сатып алулардың 95% интернетте жасалады.

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің ұлғаюымен қатар электронды сауда көрсеткіштері де өсіп жатыр. Егер 2018-2019 жылдары e-Trading үлесі 2,9% және 3,8% болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш 3 есе өсіп, 9,7% жетті.

Сондай-ақ егер тауарлар мен қызметтерді онлайн сатып алған интернет пайдаланушыларды есепке алсақ, олардың үлесі 2019 жылы 15,6%-дан 2020 жылы 17,7%-ға дейін өсті.

Бүгінде интернеттен кез-келген тауарды сатып алуға болады, яғни күнделікті тұрмысқа қажет қарапайым заттардан бастап, сирек кездесетін және эксклюзивті тауарға дейін.

Қазақстанда интернетте ең көп сатылатын тауарлар: киім, аяқ-киім, спорт тауарлары, азық-түлік, үйде пайдалануға арналған тауарлар, дәрі-дәрмек,  телекоммуникация қызметтері, электронды жабдықтар, қаржылық және сақтандыру қызметтері, компьютерлік тауарлар және тағы басқа.

Сонымен қатар қазіргі таңда онлайн көлік сатып алуға, ипотека рәсімдеуге де мүмкіндік бар.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері