Нұр-Сұлтан 14.5°
×
16.05.2022, 15:31
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Мен қорқытпаймын, ескертемін!»: Ресейлік журналист тағы да мәлімдеме жасады

Ресейлік журналист Тигран Кеосаян Қазақстанға жауап берді, деп хабарлады Elorda.info «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап.

«Мен қорқытпаймын, ескертемін!»: Ресейлік журналист тағы да мәлімдеме жасады
Фото: видеодан скриншот

Ол бұл туралы өзінің ютуб арнасына кезекті бейнематериалын шығарып, Қазақстанға мәлімдеме жасады.

Айтуынша,  алғашқы видеосы көп қаралым жинап, көптің наразылығын тудырғаннан кейін 2 аптада Қазақстан туралы бірнеше мәлімет жинаған. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезіндегі Қазақстан мен өзге елдер арасындағы келісімі Украинаның өткен әрекетіне ұқсас екен.

Оқи отырыңыз: СІМ: Ресейлік журналист Кеосаянның Қазақстанға кіруіне тыйым салынуы мүмкін

Көптілді ел үшін қауіпті. Қазір Украинада не болып жатқанын көрудеміз. Және Қазақстанды да айтуымызға болады… Назарбаев Қазақстанға американдықтардың биолабаратория салуына рұқсат берді. Украина да бұрын солай істеген. Естеріңізде ме? Нәтижесі не болды? - деді Кесоян бинематериалда.

Сондай-ақ ол КСРО тарағаннан кейін тәуелсіздік алған 15 ел туралы айта келе, «тәуелсізбін» деген Иран, Ирак, Югославия, Ауғанстан елдерінің қазіргі күйіне тоқталды.

Тағы оқыңыз: ”Қыртады да жүреді”: Қазақстандық блогер Тигран Кеосаянға жауап берді (ВИДЕО)

Мен қорқытпаймын, ескертемін! Бұл неге апарады? Қазіргі Украинаның қандай күйге түскенін еске алыңыздар! Кітаптар, орыс тіліне тыйым салу, ортақ мерекелерді алып тастау, көше аттарын өзгерткеннен не шықты? – деді ол.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері