Нұр-Сұлтан 14.5°
×
15.05.2022, 16:07
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

Ботаникалық бақта «Отбасы ағашы» республикалық ағаш отырғызу акциясы өтті

Ботаникалық бақ аумағында халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы ағашы» республикалық ағаш отырғызу акциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Ботаникалық бақта «Отбасы ағашы» республикалық ағаш отырғызу акциясы өтті
Фото: Василий Крась

Ағаш отырғызуға қоғам қайраткерлері, отбасы саласындағы сарапшылар және белсенді азаматтық ұстанымы бар елорда тұрғындары қатысты. Бүгін 20-ға жуық ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз және болашақта көбейетін болады, – деді елорда әкімінің орынбасары Берік Жәкенов.

Өткен жылғы "Мерейлі отбасы-2021" байқауының жеңімпаздары – Самарбаевтар отбасы бұл саябақта жиі уақыттарын өткізетіндерін және көбінесе жасыл желектерге күтім жасайтындарын атап өтті.

Енді біздің отбасымызың осы әдемі саябақта сүйікті бұрышы бар. Біз саябаққа күн сайын келіп, отырғызылған көшеттерді күтіп, жақын маңдағы аумақты суарып, қоқыстан тазартуды жоспарлап отырмыз. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтаймын, – дейді Сұңғат Самарбаев.

Сондай-ақ, бүгін отбасылық құндылықтарды дамытуға бағытталған "Мерейлі отбасы-2022" ұлттық конкурсы басталды.

Байқауға еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар жіберіледі.

"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен келген 17 үздік отбасыға беріледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар өз өтінімдерін 2022 жылғы 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларға жібере алады.

Айта кетейік, конкурс лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі Отбасы күні қарсаңында өтеді, ол қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері