Нұр-Сұлтан 15.9°
×
15.05.2022, 10:36
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Қазақстан әскерилері Түркиядағы жауынгерлік оқу-жаттығуларға қатысып жатыр

Түркияның Измир қаласындағы «Доғанбей» полигонында Қазақстан Қарулы күштері жауынгерлерінің қатысуымен түраралық «Эфес – 2022» көпұлтты жауынгерлік оқу-жаттығуы өтіп жатыр, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан әскерилері Түркиядағы жауынгерлік оқу-жаттығуларға қатысып жатыр
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу әскери шеберлік пен жауынгерлік машық деңгейін арттыруға, сондай-ақ арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің жауынгерлік даярлығын жетілдіруге бағытталған. Одан бөлек, маневрлерге қатысу әскерлердің белгілі бір тобының құрамында өзара іс-қимылды ұйымдастыру тәжірибесін жинақтауға мүмкіндік береді.

Бірінші кезең компьютерлік техника мен электрондық-есептеу жүйелерін қолдану арқылы командалық-штабтық оқу-жаттығу түрінде өтеді. Ал екінші кезеңді біріккен бөлімшелерде жауынгерлік атыспен бірге практикалық іс-қимыл түрінде өткізу жоспарланып отыр.

Биылғы 28 мамыр мен 9 маусым аралығына жоспарланған белсенді фаза барысында әскери қызметшілер құрлықтағы және теңіздегі операцияларды жүргізу мен десант түсіру кезіндегі қажетті дағдыларды бірлесіп пысықтайтын болады. 

Осы жылы «Эфес – 2022» оқу-жаттығуына шамамен 40 елдің әскери қызметшілері қатысып жатыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері