Нұр-Сұлтан 25.3°
×
13.05.2022, 16:57
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!
Мақалада:

16 мамырдан бастап банктер жеңілдетілген автонесие беруді бастайды

Алдағы дүйсенбіден бастап банктер жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдай бастайды, деп хабарлайды Elorda.info.

16 мамырдан бастап банктер жеңілдетілген автонесие беруді бастайды
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.

Ол көлік жасаушылардың халықаралық форум кулуарында банктер корпоративтік рәсімдерді жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен қажет келісімдерді жасады. Олар өз рәсімдерін өткізіп, дүйсенбіден бастап несие бере бастайды, - деді Скляр.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары екінші деңгейдегі бес банк несиелендірумен айналысатынын айтты.

Атап айтқанда, несие беру бағдарламасы қазіргі кезде де жұмыс істеп тұр. Револьверлік негізде 88 млрд теңге бар және бұл қаражат айналымда. Бұл бағдарлама бойынша соңғы бес жыл бойы тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы орайда «ӨКМ Операторынан» аударылатын 100 млрд теңгені қосамыз, - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері