Нұр-Сұлтан 22.7°
×
13.05.2022, 12:05
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Елордада 3 жасар қызды құтқаруға көмектескен Сағи Жылқышиев те марапатталды

Бүгін елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде Сәбит Шонтақбаевпен бірге қызды сегізінші қабаттың терезесінен құлаудан құтқаруға қатысқан батырды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада 3 жасар қызды құтқаруға көмектескен Сағи Жылқышиев те марапатталды
Фото: ТЖД баспасөз қызметінен

Сағи Жылқышиев көрсеткен ерлігі үшін ТЖМ бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды және оған алғыс хат пен қолсағат табыс етілді.

Оқи отырыңыз: Елордада ер адам 8-қабаттан құлаған қызды қағып алды (ВИДЕО)

Еске сала кетейік, 11 мамыр күні Сәбит досымен бірге таңертең жұмысқа бара жатқан кезде бір топ адамды көріп, 8-қабатта тұрған баланың айқайын естіп, дереу үйге жүгірген. Көршілер арқылы 7-қабатқа көтерілген Сәбит досы Сағимен бірге құтқару шараларын қолға алды, себебі әрбір секунд есепте болған еді. Сәбит терезеден өтіп, Сағи досын бір қолымен аяғын, екінші қолымен терезені ұстап тұрған.

Оқи отырыңыз: Төтенше жағдайлар министрлігі 8-қабаттан қызды қағып алған Сәбит Шонтақбаевты «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапаттады

Біз айқайды естіп, ілініп тұрған баланы көрдік, ойымыз тек баланы құтқару болды, ойланбастан жүгірдік, – деді Сағи Жылқышиев.

Екі азаматтың арқасында қыз бала дін аман қалды.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері