Нұр-Сұлтан 24.4°
×
13.05.2022, 08:01
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Бүгін Павлодарда Ішкі істер министрі халыққа есеп береді

Бүгін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Павлодарда халыққа есеп беру кездесуін өткізеді, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Бүгін Павлодарда Ішкі істер министрі халыққа есеп береді
Фото: ашық дереккөз

2022 жылғы 13 мамырда сағат 09.00-де Павлодар қаласы Естай атындағы Мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды Call-орталықтың 8(7182)39-13-12, 39-12-94 телефондары немесе k.nurakhmetova@mvd.gov.kz электрондық мекен жайы бойынша жолдауға болады.

Есеп беру кездесуі оффлайн және онлайн форматтарында өтеді. Трансляция тікелей эфирде ҚР IIM-нiң Instagram және Павлодар облыстық ПД-ның Facebook ресми парақшалары арқылы жүргізіледі.

Сұрақтар 12 мамырға дейін қабылданады. Сондай-ақ кездесу тікелей эфирде Еrtistv, @pavlodartv.kz облыстық телеарнасында, @pavlodarnews.kz сайтында және «Халық радиосы» толқынының 100.5 жиілігінде трансляцияланатын болады.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері