Elorda.info ұйымдастырған кезекті сауалнаманың нәтижесі жарияланды. Бұл жолғы сауалнама елордадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына қатысты болды.
Елордадағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының өсуін тежеу мүмкін бе деген сауалға респонденттердің 63%-ы «белгілі бір шаралар қабылданғанымен, нарықтағы бағалар бәрін өзі-ақ айқындап тұр» деген жауапты таңдаған.
Сауалнамаға қатысқандардың 11%-ы «Иә, ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің, тұрақтандыру қорының арқасында бағалар өте баяу өсуде» десе, тағы 11%-ы осы бағыттағы жұмыстардың тиімдірек болғанын қалайтынын жеткізген.
Ендігі 11%-ы жауап беруге қиналса, 4%-ы бұл турасында басқаша пікірде екенін айтқан.