×
03.05.2022, 17:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

Жаңа Қазақстан – азаматтық қоғамы қалыптасқан мемлекетке айналады

Нұр-Сұлтан қаласы Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Самал Нұғыманова Президенттің Конституциялық кеңеске еліміздің Ата заңына өзгеріс енгізу туралы заң жобасын ұсынуында бірнеше себеп бар екендігін жеткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Жаңа Қазақстан – азаматтық қоғамы қалыптасқан мемлекетке айналады

Қазіргі таңда күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет деген ұғымдар біздің заңнамамызға енгізілуде. Себебі Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің соңғы Жолдауында “экономикадағы, саясаттағы жасанды монополияларды түбірімен жоюға тиіспіз” деген болатын. Оның орнына ашық әрі әділ бәсеке орнату өте маңызды екенін алға тартты. Себебі нағыз бәсеке болғанда ғана халықтың әл-ауқаты артып, тұрмыстық жағдайы жақсара түсетіні сөзсіз.

Қазіргі таңда бүкіл құзырет бір қолда болуына негізделген басқару жүйесі өзінің тиімділігін жоғалтты. Бұл жүйе көзқарастары әртүрлі болып отырған қоғамды ұйыстыра алмайтынына талай мәрте көзіміз жетті. Сондықтан елімізді дамыту үшін әр қадамды мұқият, ойланып отырып жасауы­мыз қажет.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде суперпрезиденттік үлгіден мықты Парламенті бар президенттік республикаға біржола көшу туралы айтқан болатын. Мұндай жүйе билік институттарының тепе-теңдігі оңтайлы болуын қамтамасыз етіп, елімізді орнықты дамытуға септігін тигізетініне зор сеніммен айта аламыз.

Сондай-ақ алдымызда Парламенттің рөлін күшейту туралы міндет тұрғаны белгілі. Бұл «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асыруға жол ашады. Біз болашақта қандай ел болатынымызды нақты білеміз. Жаңа Қазақстан азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналамыз. Сол себепті де «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаттары басшылыққа алынып отыр.

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері