Нұр-Сұлтан 16.1°
×
04.03.2022, 15:10
Қызық па? Жаңалықты достарыңызбен бөлісіңіз!

«Бісміллә»: Мәжіліске депутат болған Саясат Нұрбек ант берді (ВИДЕО)

Парламент Мәжілісіне депутат болған Саясат Нұрбек ант берер алдында «бісміллә» деп 2 мәрте қайталап айтты деп жазады Elorda.info.

«Бісміллә»: Мәжіліске депутат болған Саясат Нұрбек ант берді (ВИДЕО)
Фото: Sputnik.kz

Депутаттың ант берген видеосы instagram-дағы alash ulandary-парақшасында жарияланды. 

Ол Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.

Саясат Нұрбек депутаттық антында халық игілігі үшін өзіне жүктелген міндеттерді адал атқаратынын, Мәжіліс мүшелерімен бірлесе жұмыс істеу үлкен жауапкершілік жүктейтінін әрі құрмет екенін айтты.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутаттықта сайланған әріптесін құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
 

Ең өзекті жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан және Facebook-тегі парақшамыздан қараңыз
Ақпарат ағыны

Елорда үздіктері